«Байқау жеңімпазы түнге қарай анықталады. Қазан қаласындағы дүбірлі додаға еліміздің атынан кімнің баратынын қазақстандықтар СМС арқылы дауыс беру жолымен және әділқазылар анықтайды. Айта кетейік, қазылар алқасының құрамында композитор және продюсер Ренат Ғайсин, айтыскер Айнұр Тұрсынбаева, Астана қаласының мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, әнші Алтынай Жорабаева мен композитор Арман Дүйсенов бар.
Естеріңізге сала кетейік, «Turkvizyon» түркі жұртшылығы үшін «Евровидение» байқауының баламасы болып табылады. Бұл конкурсты 300 млн.-ға жуық адам тамашалайды.