Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылған шараға өзге ұлт өкілдерінің балалары қатысады. Бұл туралы қалалық Білім басқармасынан хабарлады, деп жазады елорда әкімдігінің сайтында. Байқаудың негізгі мақсаты - оқушылардың музыкалық әсемдікке құштарлығын жетілдіру, орындаушылық шеберлігін арттыру, неғұрлым қабілетті, кәсіби келешегі бар талантты жастарды айқындау. Сонымен қатар өзге ұлт өкілдерінің балалары арасында қазақтың қара домбырасын насихаттау арқылы өнер саласын дамыту. Қазіргі уақытта байқауға қатысуға Астана қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 10-14 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдерінің оқушыларынан 15 талапкер өтініш берді. Байқау шарттары бойынша «Дәстүрлі ән» және «Қазақ күйі» аталымдарына әр мектептен 2 оқушыдан ғана қатыса алады. Айта кетейік, қазылар алқасы байқау талапкерлерін шығарманы орындау шеберлігінің сапасы, сахна мәдениеті, сахналық киім үлгісі сияқты критерийлер бойынша бағалайды.
15:13, 29 Сәуір 2014
Астанада түрлі ұлт өкілдерінің өрендері домбырашылар байқауында бақ сынаспақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, яғни 30 сәуір күні елордада «Домбыра-дастан» атты ІІ қалалық домбырашылар байқауы өткізіледі.