«5 желтоқсанда Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі және Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен бірлесіп, түрмелерде экстремистік идеологияның таратылуын болдырмау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізеді», - деді ол.
Оның айтуынша, дөңгелек үстел барысында Баға беру миссиясының негізгі қорытындылары мен «Экстремизм және терроризм жасағаны үшін сотталғандармен жұмыс жасауға күш салу және түрмелерде зорлық-зомбылықты тудыратын радикализмды болдырмау» бағдарламасының іс-шаралар жоспарының жобасы ұсынылмақ.
«Сондай-ақ экстремизм мен террористік қылмыс жасағаны үшін сотталғандармен жұмыс істеуге түзеу мекемелерінің қызметкерлерін дайындау бойынша тәжірибе алмасу да дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты болмақ», - деді Айбек Смадияров.