«Бір қабатты ғимаратқа жапсарласа салынған серуендеуге арналған алаңда жүрген қылмыскер шатырға шығып, одан шағын қоршауға секіріп, артынан басты қоршаудан қашып шыққан»,-деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметі.
Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратқа қарағанда, Қарағанды облысының 36 жастағы тумасы Е.К.Арғымбаев ұрлық жасап, тонау әрекетіне барған үшін сотталған.
Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.