Астанада Тұрмыстық үй ғимараты өртеніп жатыр

None
АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Астанада Республика даңғылы мен Абай атындағы көшенің қиылысында орналасқан Тұрмыстық үй ғимараты өртеніп жатыр.

Бұл туралы ҚазАқпаратқа елорданың төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

Өрттің аумағы мен зардап шеккендер, сондай-ақ оқиға салдарынан қанша адамның көшірілгені туралы әзірге ақпарат жоқ.