«Балаларын балабақшаларға орналастырып, ақшасын төлей алмайтын тұрмысы төмен отбасылардың тізімін жасақтап жатырмыз. Бұл балалар балабақшаға орналастырылады», - деді Т.Арашев бүгін өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қазіргі кезде тізімде 20 бала бар, бірақ әкім орынбасары оның саны өсетінін жоққа шығармайды. Бұл іс Балабақшалар қауымдастығының арқасында іске асырылуда.
«1 желтоқсанға қарай балаларды балабақшаларға қабылдай бастаймыз. Жекеменшік балабақшалар оларды тегін орналастырады», - деп қосты Тынысбек Арашев.