Тергеу нұсқасы бойынша, «Орал-дизайн-стройсервис» ЖШС-ы Астанада Көктал кентінің оң жағында 748 пәтерге шақталған 13 тұрғын үй кешенін салуы керек болған. Оның бір бөлігі әкімдік пен үлескерлерге тиесілі. 2016 жылы сәуір айында компания арнайы рұқсаты жоқ болса да мансард қабаттарын тұрғызғаны анықталды.
Сонымен қатар, сатылған пәтерлер қайтара саудаға шығарылып, тіпті кешенде жоқ пәтерлер сатылып келген.
«2014 жылы қаңтар айында құрылыс салушы компанияға айыппұл салынып, оның лицензия тоқтатылған. Бұл шешім бір ай ішінде барлық кемшілікті жою үшін берілді, алайда іс осы жерде тоқтап қалды. (...) Менің білуімше соңғы пәтер үстіміздегі жылдың қыркүйек айында сатылды», - деп атап өтті үлескерлердің бірі Рахима Сұлтанғазина тілшімізге берген сұхбатында. «Орал-дизайн-стройсервис» ЖШС құрлыс салушысы Кеңес Жұмабековтың үстінен қозғалған қылмыстық іс елорданың Сарыарқа аудандық сотында қаралуда.