Астанада тың игеру кезіндегі ретро көліктердің шеруі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанда Тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығы атап өтіледі. Осы атаулы күнді мерекелеу аясында елорда тұрғындары мен қонақтары ретро көліктердің шеруін тамашалайды, деп хабарлады astana.kz.

Астана қаласының Политехникалық колледжінде қалалық әкімдіктің қызметкерлерінің, түлектердің, оқытушылардың және колледж студенттерінің қатысуымен техниканы алдын ала қарау өткізілді. «Автодело» техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкерлері кеңес заманындағы раритет көліктерді өз қолдарымен жөндеген. Автошеру 15 қарашада өтеді. Оған 50-60 ж.ж. жұмыс істеген ондаған жүк көлігі қатысады.