Астанада ҰБТ тапсыратын күндер белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҰБТ тапсыратын күндер белгілі болды, деп хабарлайды «Бәйтерек» халықаралық медиа-орталығы. Елордалық түлектер үшін ҰБТ 2, 4 және 6 маусым күндері өтетін болды.

«3,5,7 маусым - апелляция өткізетін күндер. ҰБТ сағат 9.00-де басталады. Оқушыларға сұрақтарға жауап беру үшін 3,5 сағат уақыт бөлінеді. Ал нәтижелері сол тапсырған күні сағат 18.00-ден соң белгілі болады. ҰБТ жүйесі өзгеріссіз қалды, белгіленген межелік өту балы - 50 балл, ал ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 70 балл жинау қажет», - деп жазылған хабарламада.

Астана қаласының білім басқармасынан хабарлағандай, 2013-2014 оқу жылдарында елордада 4042 оқушы мектеп бітірмек.