Астанада үдетілген индустриялық-инновациялық бағдарламасын зерттеулердің нәтижелеріне арналған дөңгелек үстел өтті

АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанадағы «Думан» қонақүйінде еліміздің индустриялдық саясаты мен 2010-2014 жылдарға арналған үдетілген индустриялық-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыру салаларындағы зерттеулердің нәтижелеріне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.

Аталмыш шараға ұйымдастырушылармен қатар Парламент депутаттары мен министрліктер мен ведомстволардың, бизнес бірлестіктері өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты. Онда жиынға қатысушылар Қазақстан экономикасының ұзақмерзімді даму стратегиялары аясындағы қалыптасқан жағдайды бағалау негізінде дайындалған «Индустриялды саясат туралы» заңының жобасын талқылады. Сондай-ақ олар аталмыш құжатты жүзеге асырудың нақты мақсаттары мен прициптерін, сондай-ақ заңда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жолында қолға алынуы тиіс шаралар төңірегінде өзара пікір алмасты. Бұған қоса олар еліміздің Үдетілген индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолдары жөніндегі ойларын да ортаға салды.