Астанада УЕФА конгресiнiң жұмысы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада УЕФА ұйымының кезекті XXXVIII конгресі өтiп жатыр.

Оған УЕФА президентi Мишель Платини, ФИФА басшысы Йозеф Блаттер, ҚР Премьер-Министрi Серiк Ахметов, сонымен қатар УЕФА ұйымына мүше мемлекеттердiң футбол федерацияларының делегациясы қатысуда. Сондай-ақ УЕФА-ның барлық комитеттерi жиында талқылаулар жүргiзедi.

"Бiз Сiздерге Қазақстанға қош келдiңiздер деймiз. УЕФА конгресi ТМД елдерi арасында алғаш рет Қазақстанда өткiзiлуде. Бұл шешiм Қазақстанның ФИФА ұйымына жақында ғана қосылуына қарамастан жасалды, бұл - бiз үшiн үлкен мәртебе", - дедi ҚР Үкiмет басшысы С. Ахметов өзiнiң құттықтау сөзiнде.

Еске сала кетейік, биыл УЕФА-ның құрылғанына 60 жыл толады. Астанадағы УЕФА конгресі ұйымның ресми сайты арқылы барша әлемге көрсетiлуде.