Астанада ҰҚК-ның бұрынғы тергеушісіне сот үкімі шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Ұлттық қауіпсіздің комитетінің бұрынғы тергеушісіне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тергеу материалдарында атап өтілгендей, сотталушы ҰҚК орталық аппараты ғимаратындағы сейфтен 9 млн теңге мен 125 мың долларды жымқырған. Бұл қомақты қаржы ҚР ҚК  Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Т. Жұмқазиевтің ісі бойынша заттай айғақ ретінде сақталған болатын.

Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлік 2-тармағы бойынша кінәлі деп тапты. Үкімге сәйкес, 8 жылға бас бостандығынан айыру мерзімі бекітілді. Сонымен қатар оған енді жеті жылға материалдық жауапкершіліктегі лауазымдарды иеленуге шектеу қойылды.

Сот Асхат Шотайға қатысты ҚР ҰҚК-ның азаматтық талап-арызын қанағаттандыру туралы қаулы етті.

Атап айтқанда, А. Шотайдан ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті пайдасына 50 млн 71 мың 921 теңге сомасында материалдық шығынды өндіріп алу шешімі шағырылды.