Астанада ұландықтар еңбек ардагерлерінің ауласын тазалады

Фото: Фото: Ұлттық ұлан

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімдігі мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері еңбек ардагерлерінің аулаларын қардан тазарартты. Бұл туралы Ұлттық ұлан баспасөз қызметі хабарлады.

23 наурыз – Тазалық күнімен көктемгі Наурызнама мерекесінің онкүндігі аяқталады. 

Фото: Ұлттық ұлан

Күн мен түннің теңелуіне арналған дайындық қоршаған ортаны тазартуды, елді мекендерді абаттандыруды және Жер-Анаға құрмет көрсетуді қамтиды. Осыған орай Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімдігі мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері еңбек ардагерлерінің аулаларын қардан тазарту жұмыстарын ұйымдастырды.

Фото: Ұлттық ұлан
Фото: Ұлттық ұлан

— Күн жылынған сайын қыста жиналған қар еріп, үйімді су басады деп алаңдап жүр едім. Бірақ сарбаздар ауланы жылдам әрі мұқият тазалап берді. Осындай мейірімді, қайратты және көмекке әрдайым дайын азаматтарды тәрбиелеген ата-аналарына алғыс айтамын. Сондай-ақ Сарыарқа ауданы әкімдігі мен Ұлттық ұлан басшылығына ризашылығымды білдіремін, – деп бөлісті еңбек ардагері Галина Корейба.

Мереке қарсаңында ұландықтар тағы бірнеше ардагердің үйіне барып, ауладағы қарды тазартуға көмектесті.

Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Наурыз мейрамын атап өтуде белсенділік танытып, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту мен насихаттауға өз үлесін қосты.

Айта кетелік Ұлттық ұланға 7 000 жас сарбаз шақырылады