Астанада ұлдар мен қыздар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 3-4 желтоқсан аралығында Астанадағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған тоғызқұмалақтан ұлдар мен қыздар арасында республикалық турнир өтеді.

Республикалық турнирге еліміздің 8 облысынан және Алматы мен Астана қалаларынан үздік 20 жасқа дейінгі спортшылар қатысады.

Жарысты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы, Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыруда.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге демеушілер тағайындаған дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.