Астанада үлескерлер күтіп жүрген 50 үйдің 36-сының проблемасы шешілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың жаңа әкімі Жеңіс Қасымбек үлескерлермен кездесуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында ол Instagram парақшасында хабардар етті.

«Бүгін тағы 5 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездестім. Олардың қатарында «Коргалжинский квартал», «Комсомольский», «Шығыс 4-1», «Тұран-Сығанақ» тұрғын үй кешендерінің үлескерлері, сол сияқты «Наш дом Аниса» тұрғын үй кооперациясының өкілдері бар. Аталған көппәтерлі тұрғын үй кешендеріндегі үлескерлердің жалпы саны - шамамен 1,5 мың адам» деп жазады шаһар басшысы.

Оның айтуынша, жылдар бойы тұрған үйлердің жай-күйі әртүрлі. Бірінде жақтауы ғана көтерілген, ал енді бірінде іргетасы ғана тұр.

Мәселен «Шығыс 4-1» тұрғын үй кешенінің кейбір блоктары тек іргетас күйінде ғана тұр.

Кездесу барысында үлескерлер түрлі проблемаларды қозғады. Олардың арасында үйдің құрылысы, инженерлік желілер, сол сияқты абаттандыру, құжаттама және т.б. бар.

«Құрылыс қарқынын арттыруды тапсырдым. Құрылысы ұзаққа созылған 51 нысанның ішінде осыған дейін 36 нысанның проблемаcы шешілді. Қалған 15 нысанның 7-еуін алдағы айларда аяқтаймыз, 8 нысан (30-дан астам тұрғын үй кешені) – 2023 жылы. Жергілікті орындарда өтетін мұндай кездесулерді барлық үлескермен ұйымдастырамын. Сол сияқты қаланың елді мекендері мен аудандарының тұрғындарымен жеке кездесемін» дейді әкім.


Фото: Фото: instagram.com/jenis_qasymbek