Астанада Ұлттық киім күніне орай фестиваль өтті

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық академиялық кітапханада «Nomad Style Show» ұлттық фестивалі ұйымдастырылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Іс-шараға Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Қатысушылар дәстүрлі киімдер мен халықтардың мәдени ерекшеліктерін таныстырды.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақ, орыс, поляк, беларусь, татар, өзбек және басқа да этностардың ұлттық киімдері көрсетілді. Сондай-ақ қатысушылар халықтардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерімен танысып, ұлттық әндерді тыңдап, би қойылымдарын тамашалады.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бұл іс-шара мәдени әртүрлілікті дәріптеп, ұлттық мұраны сақтауда маңызды алаңға айналды.

Айта кетейік, Қытайдағы қазақтар ұлттық киімнен ажырамаған. Бұл туралы аспанасты елінде өз брендін қалыптастырған қазақ қызы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында айтты.