Көрмеге келушілер ҚР халық суретшісі Ә. Ысмайылов және белгілі суретшілер К. Муллашев, Е.С. Айтуаров, И. Ачилов, С. Смағұлов, Н.А. Терещенко, А. Баяндин, М.С. Байтеновтің туындыларымен таныса алды. Сондай-ақ Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмеде қолөнер шеберлері Б. Әлібай және Т.Г. Мұқашевтың жұмыстары қойылды.
Іс-шараның мақсаты - өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу, еліміздің ұлағатты тарихын дәріптеу арқылы ұлттық сана-сезімді қалыптастыру. Әсем туындылар қазақ хандығы қалыптасқан 550 жылдан бергі тарихи мазмұны ерек, елеулі оқиғалардан сыр шертеді. Көрмеде көпшілік назарына шеберлердің зергерлік бұйымдары, қазақтың әскери сауыт-саймандары, табиғи көріністер және тарихи тұлғалардың портреттері, сондай-ақ суретшілердің тарихи датаға арналған жаңа туындылары ұсынылды.
«Ұлы бабалар жолы» атты көрмені ұйымдастырушылар - Астана қаласының Мәдениет басқармасы мен Тәуелсіздік Сарайы, деп хабарлайды astana.kz .