ХХ ғасырдың кемеңгері, музыка әлемінің витруозы 500-ден аса шығарманың авторы, қазақ сахнасы мен экранының классикасына айналған 40-қа жуық пьеса мен 20 кинофильмге әуен жазған.
Концерттік бағдарламада композитордың көпке танымал туындыларын симфониялық оркестр мен Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі орындайды. Ал оларға Халық қаһарманының қызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева дирижерлік етеді.
Кештің көркін Роза Рымбаева, Майгүл Қазтұрғанова, Еркін Шүкіманов, Сүндет Байғожин, Мәдина Сәдуақасова, МузАРТ тобы сияқты отандық эстрада жұлдыздары қыздырады.
Көрермендерге сондай-ақ, қазақ музыкасының данышпаны туралы бейнеклип көрсетіледі.