деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.
Конференцияны «ҚР Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің «Жас Отан» жастар қанатымен бірігіп ұйымдастырды. Оның мақсаты - республикамыздағы ардагерлер ұйымдарының жастар ұйымдарымен ынтымақтастығын нығайту, жастарға Ұлы Отан соғысы және оның қатысушылары туралы айтып беру.
«Осы соғыстың сабақтары мен салдары әрқашан әрбір елдің, әрбір адамның есінде болуы тиіс. Сондықтан, бүгінгі кездесу бұл ардагерлерге деген құрметіміз. Біз олардың басынан өткен үлкен соғыс туралы білеміз, ұмытпаймыз, одан сабақ алдық және мұндай ауыр соғыстың қайталануына жол бермейміз», - деді осы оқу орнының ректоры Марат Қоғамов. Ректордың айтуынша, бұл жастарға тәлім-тәрбие беру, отансүйгіштікке тәрбиелеуде өте пайдала шара.
Жиынға Ұлы Отан соғысы ардагерлері, аталмыш жоғары оқу орнының ұстаздары мен студенттері қатысты.