Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрменің мақсаты - Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қан майданда ерлікпен күрескен, тамаша еңбегімен елімізге бейбіт өмір сыйлаған майдангер аталарымыздың рухына бас иіп, еске алу болып табылады.
Көрмеде ерен ерлік пен өлшеусіз еңбектің арқасында қолымыз жеткен бейбітшілікті сақтау үшін қан майданда шайқасқан жауынгер аталарымыз бен апаларымыздың фотосуреттері мен кейбір мұрағаттық құжат көшірмелері көрсетілген.
Еске салайық, Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай бірқатар шаралар ұйымдастырылады. Олардың қатарында көрмелер, сайыстар, еске алу кештері, ардагерлермен кездесулер бар. Қазірдің өзінде қалалық кітапханаларда «Атамды мақтан тұтамын!» атты акция аясында кітап көрмелері, естелік эстафетасы, интеллектуалды ойындар өтеді.