Астанада «Ұлы жеңіс: жаңаша көзқарас пен зерттеу жолдары» конференциясы өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ертең, сәуірдің 30-ы күні елордадағы Еуразия ұлттық университетінде Ұлы жеңістің 65-жылдығына арналған «Ұлы жеңіс: жаңаша көзқарас пен зерттеу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғылыми мәжіліс барысында Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық жауынгерлердің ерлік істері сараланып, сол зұлмат соғыстан кейінгі өмірлік тәжірибені бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру жайы сөз болмақ. Конференцияда ардагерлердің естеліктері тыңдалады. Іс-шараға Қазақстан, Ресей мен Грузияның белгілі тарихшы ғалымдары қатысады.