Азамат К. 2016 жылдың ақпан айында «Альянс-Транспорт» ЖШС-ның қызметкері бола тұра, №7 қалалық емханадан бірнеше рет жалған сырқат парақшаларын алып, оны жұмыс орнына ұсын отырған.
Сот отырысы барысында айыпталушы кінәсін мойындады.
Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен азамат К. кінәлі деп табылып, оған 50 АЕК көлеміндегі айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.