Астаналық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 шілде күні Астана тұрғыны 23 шілдеден 24-іне қараған түні Түркістан көшесіндегі үй ауласынан «Range Rover Evogue» маркалы көлігінің ұрланғанын айтып, полицияға шағымданған.
Аталған факт ҚР ҚК 200-бабы («Автомобильді заңсыз иелену») бойынша тіркеліп, ҚР ҚК 188-бабы, 3-бөліміне («Ұрлық») ауыстырылды.
Астаналық полиция жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктілерді Павлодарда ұстады. Олар 30-47 жас аралығындағы РФ азаматтары, олардың үшеуі бұрын сотталған.
Астана ІІД жедел қызметі Павлодар қаласы аумағындағы гараждардың бірінен «Range Rover Evoque» автокөлігін тапқан.
Күдіктілер қолға түсіп, полиция Қазақстан аумағында жасалған басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
12:39, 09 Тамыз 2016
Астанада ұрланған көлік Павлодардан табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының бес азаматы Астана тұрғынының көлігін ұрлап, Павлодарға әкеткен.