Астанада үш адам газбен уланып қалды

АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астананың Оңтүстік-Шығыс шағынауданында үш адам газбен уланып қалған.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Шу көшесіндегі жекеменшік тұрғын үйде қатты отынмен жанатын пеш ақауы салдарынан 28 жастағы ер адам газбен уланып, оқиға орнында көз жұмды.

Шалкөде көшесіндегі тұрғын үйде де пеш ақауы салдарынан 29 жастағы әйел адам мен 15 жастағы қыз газбен уланып, ауруханаға жатқызылды.