Астанада үш адам иіс тию салдарынан ауруханаға жеткізілді
07:57, 10 Желтоқсан 2012
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астана қаласының Промышленный кентіндегі қатты отынмен жанатын пештің ақаулығы салдарынан жексенбі күні таңертең 26 жастағы әйел мен 35 жастағы ер адам иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді,
деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нен.
Сол күні, бұдан үш сағат бұрын астаналық ауруханаға жекеменшік тұрғын үйде иіс тиіп уланған 36 жастағы әйел жеткізілді.