Астанада үш ауысымды мектептер мәселесі алдағы жылы шешіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде елорда аумағындағы бес мектепте балалар үш ауысыммен оқиды. Бұл туралы бүгін Астанадағы Тамыз кеңесінің қалалық пленарлық отырысы барысында мәлім болды.

Әкімдік мәліметіне қарағанда, үш ауысымды мектептер мәселесі биыл 11 жаңа мектеп пайдалануға берілген соң үш мектепте, ал 2015 жылы 9 мектеп тапсырылғаннан кейін қалған екі мектепте шешілетін болады. 16 жылдың ішінде Астанада мемлекеттік мектептер желісі 35-ке артты. Мәселен, 1998 жылы елордада 37 мектеп болса, 2014 жылы олардың саны 72 -ге жетті.