Сәрсенбі күні таңертең Тәуелсіздік даңылы бойында жол-көлік апаты орын алды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, көктайғақтан және қашықтықты сақтамаудан Mitsubishi Pajero, микроавтобус және Hyundai Accent көліктері соқтығысты.
Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнында жол-көлік апатының себепкерін анықтау үшін полиция жұмыс істеп жатыр.