Астанада үш балаға иіс тиіп, уланды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Астанада сәрсенбі күні күндіз Луи Пастер көшесінде орналасқан жер үйде 2, 3 және 5 жасар үш балаға иіс тиіп, уланды.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Құтқарушылардың айтуынша, оқиға пештің дұрыс жағылмауынан болған. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.