Астанада үш басқарманың басшылары ауысты
14:44, 10 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков аппараттық жиналыс барысында бірқатар кадрлық өзгерістер туралы мәлімдеді.
Құрылыс басқармасының басшысы болып, бұған дейін Тұрғын үй инспекциясы басқармасын басқарған Талғат Рысбеков тағайындалды.
Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Ерлан Қаналимов тағайындалды.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Әсет Құрманғалиев тағайындалды, деп хабарлады astana.kz .