Астанада үш қабатты ғимарат өртке оранды
21:40, 22 Шілде 2025
АСТАНА.KAZINFORM — Осы сәтте елордалық өрт сөндірушілер Алматы ауданындағы Аскар Тоқпанов көшесінде орналасқан үш қабатты ғимаратта тұтанған өртті ауыздықтауға тырысып жатыр.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылған.
Өртті сөндіруге су үздіксіз беріліп жатыр.
Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.
Өрт сөндіру жасақтары келген кезде өрт күшейіп, қызыл жалын өршіп кеткен.
Өртті сөндіруге бірнеше су оқпандары берілді.
Өртті оқшаулау үшін барлық шаралар қабылданып жатыр.
ТЖМ қызметкерлері жоғары дәрежемен жұмыс істеп жатыр.
Еске сала кетйеік, бірнеше күн бұрын Астанада үш қабатты базар ғимараты өртке оранған болатын.