Астанада үш күн бойы жаңбыр жауып, күн күркірейді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК болжамынша, Астанада таяудағы күндері ауа райы жауын-шашынды болады.

17 мамырда күн ала бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 8 10°С, күндіз 18 20°С болады.

Дүйсенбі күні, 18 мамырда өткінші жаңбыр жауып, ауа температурасы түнде 8 10°С, күндіз 18 20°С болады.

Сейсенбі, 19 мамыр күні де ауа райы жауын-шашынды болады, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 10 12°С, күндіз 19 21°С дейін жылынады.