Нақтырақ айьқанда, көлікті мас күйінде басқарған 24 жүргізуші ұсталды. Жылдамдықты арттырғаны үшін 305 жүргізушіге айыппұл салынды. Қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған 25 жүргізуші, сонымен бірге көлік басқарып келе жатып ұялы телефонмен сөйлескен 181 адам ұсталды.
Бұдан басқа, бағдаршамның тыйым дабылынан өтіп кеткен 90 факті, апатты жағдайға әкелген 35 заң бұзу анықталды. Айып тұрағына 21 көлік қойылды. Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 424 жүргінші жауапкершілікке тартылды.