«Есіл ауданында ақпанның 24-і мен наурыздың 2-і аралығында Астана қаласын абаттандыру талаптарын бұзғаны үшін «КазИнвестКонстракшнГрупп» ЖШС, «Дилайн Групп» ЖШС және «Industrial Innovation Group» ЖШС-не 249 590 теңге көлемінде айыппұл салынды»,-делінген хабарламада.
Бұған қоса, «ASTI» және «Еврокоптер Казахстан Инжиниринг» компанияларына ескерту жарияланды. Құрылыс алаңдарына мониторинг жұмыстарын «Есіл» ауданының әкімдігі жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге жүргізді.