Астанада үш жаңа автобус бағыты қосылады

Фото: CTS

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада 21 ақпаннан бастап үш жаңа автобус бағдары іске қосылады. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады. 

Бағдарлардың жүру бағыттары:

№ 67 — «Ырыскелді Қажы» мешіті — «Пригородный» тұрғын алабы («Орман парк»ТК);
№ 74 — «Altyn Besik» ТҮК — «Достар-1» тұрғын үй кешені;
№ 76 — «Алай» — «Железнодорожный» тұрғын алабы.

— Жаңа бағдарлар қаланың маңызды бағыттарын қамтиды. Атап айтқанда, № 67 бағдар Бұқар Жырау көшесіндегі қоғамдық көлік қызметін жақсартып, Қасым Қайсенов көшесіндегі жаңа учаскесімен жүре бастайды, № 74 бағдар Ш. Айтматов көшесі мен Ұлы дала даңғылының жаңа бөлігін қамтиды, сондай-ақ Айтеке би көшесін көліктік қызметпен қамтамасыз етеді, № 76 бағдар А. Пушкин көшесіндегі қоғамдық көлік қызметін жақсартып, «Железнодорожный» ТА сауда орындарымен байланыстырады, — делінген хабарламада. 

Сығанақ және Айтеке би көшелерінің қиылысында бағдаршам орнатылып, реттелетін қиылыс ұйымдастырылғанға дейін № 74 бағдар Қ. Мұхамедханов көшесіндегі бағытында уақытша Анет баба көшесі арқылы жүреді, ал кері бағытта бекітілген сызбаға сәйкес Айтеке би көшесі арқылы қатынайды. 

Айта кетелік Астанада демалыс күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.