АСТАНА. KAZINFORM - Астананың Байқоңыр ауданында, Толстой көшесінде бір-біріне жақын орналасқан үш жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрліінің баспасөз қызметі.
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттардың шатырлары толықтай отқа оранған.
Осы уақытта өрт сөндірушілер жалынмен арпалысып жатыр.
- Өртті сөндіру жұмыстары қалың түтін салдарынан қиындап отыр. 112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, - делінген хабарламада.
Осыған дейін Астанада балалар ауруханасынан өрт шыққан болатын.
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіФото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіФото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі