Астанада үшем дүниеге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың 9 қыркүйегінде Астанадағы №3 Перинаталды орталықта дүниеге үшем келді, деп жазады 24.kz.

Елордалық Еркебұлан Бірәлин мен Аягөз Оразбаева есімді жұп енді тағы үш ұлды болды. Әзірге олар балаларының аттарын қойып үлгермеген. Бұлардан бөлек жас отбасының 5 және 3 жастағы Ернар және Ербатыр деген екі ұлы бар. Ал дәрігерлердің айтуынша, қазір сәбилердің де, жас ананың да жағдайы жақсы.