ҚР Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, турнирге Қазақстан, Бельгия, Әзірбайжан, Хорватия, Қырғызстан, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Ресей, Украина және Тәжікстан спортшылары қатысады деп күтілуде.
Байрақты бәсекеде әлемнің ең үздік бозкілем шеберлері 10 салмақ (55 кг, 60 кг, 63 кг, 67 кг, 72 кг, 77 кг, 82 кг, 87 кг, 97 кг және 130 кг) дәрежесінде сынға түспек.
Турнир 11-13 наурыз аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында (Қабанбай батыр даңғылы, 43) өтеді.
Астана қаласында төртінші рет өткелі жатқан халықаралық турнир ҚР Туризм және Cпорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының және қалалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізіледі.