Зардап шеккендердің 12-сі ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген, қалған екеуі дәрігерге өздері келген. Үсік шалғандардың 10-ы ересек адам, төртеуі бала. 2017 жылы туған бір бала қаладағы №2 балалар ауруханасына жеткізілді, оның жағдайы орташа. Қалғандары амбулаториялық емдеу үшін тұрғылықты мекенжайларына жіберілді.
Еске сала кетсек, қатты аяздан Қостанай облысында екі адам үсіп өлді.