ҚР ҰОК таратқан мәлімет көзіне сүйенсек, жарысқа Қазақстаннан бөлек Ресей және Өзбекстаннан келген 1000-нан астам кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатыспақ.
Жарыстың алғашқы күні командалық және жұптық біріншілікте жүлдегерлер анықталады, ал 15 шілде күні кәсіпқой, әуесқой, ардагер, жасөспірімдер және кадеттер, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы мықтылар анықталады.
Аталған турнир 2014 жылдан бастап өткізіліп келеді. Біріншіліктің мақсаты - Республикада үстел теннисін көпшілікке тарату және дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, дене шыдамдылығын қалыптастырып, адамгершілік тәрбиесін арттыру. Жарыстың салтанатты ашылуы - 14 шілде күні сағат 10:00-де «Алау» мұзайдыны сарайында өтеді.