Үстел теннисі фестивалі аясында әйелдер мен ерлер, ер балалар мен қыздар жекелей сында мынадай санаттар бойынша өнер көрсетеді: «Кәсіпқойлар», «Әуесқойлар», «Ардагерлер», «Кадеттер».
1, 2 және 3-орын алған теннисшілер дипломдармен және медальдармен марапатталады. Турнир 9-11 маусым аралығында өтеді.22:53, 08 Маусым 2023
Астанада үстел теннисінен фестиваль өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанадағы ADD Table Tennis Center Astana орталығында үстел теннисінен ашық республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.