Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

Фото: Фото: Қазақстан үстел теннис федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Астанада өтіп жатқан үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Ерлер арасында жекелей сында жапондық спортшы Томокадзу Харимото чемпион атанса, Солтүстік корея спортшысы Ким Кум Ен әйелдер арасында жекелей сында топ жарды. 

Фото: Қазақстан үстел теннис федерациясы

Жұптық сында Оңтүстік корея өкілдері Лим Чонхун мен Ан Джэхён ерлер арасында Азия чемпионы атанды. Ал әйелдер арасында Сатсуки Отори мен Сакура Йокой барлық қарсыласынан басым түсті. 

Сондай –ақ, Лин Шидун мен Квай ман аралас жұптық сында жеңімпаз атанды. 
Бұған дейін хабарлағанымыздай, әйелдер арасындағы командалық бәсекеде Жапония жеңімпаз атанса, Қытай құрамасы екінші орын иеленді. 

Ал ерелер арасындағы командалық бәсекеде Қытай құрамасы чемпион болды. 

Қазақстан ерлер командасы 7-8 орын үшін сайыста Иранды 3:1 есебімен жеңіп, ширек финалда Үндістанға жол берген болатын.