Астанада үй өртеніп, 43 жасар ер адам көз жұмды

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Астана қаласы Сарыарқа ауданында жекеменшік үйдің жанынан салынған уақытша тұрғын үй өртеніп, 43 жасар ер адамның ажалына себеп болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қаласы ТЖД 2 техникасы мен жеке құрамының 10 адамы тартылды. 25 шаршы метр жер отқа оранды. Оқиға орнында 1971 жылғы ер адамның денесі табылды.