Осыған орай, арнайы республикалық конференция ашылды.
Мәслихаттың ашылу салтанатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова атап көрсеткендей, әлеуметтік сала мамандарының мерекесіне орай екі шара ұйымдастырылып отыр. «Біріншісі жарты жыл бойы жүргізілген «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз!» атты республикалық фестивальдің қорытындысы болса, екіншісі - үздік әлеуметтік жобаларға арналған бүгінгі ғылыми-тәжірибелік конференция. Осы екі шара арқылы біз әлеуметтік сала мамандарының жұмысын жан-жақты көрсетуді көздейміз», - дейді Т.Дүйсенова.
Айта кетейік, Қазақстандағы үздік әлеуметтік жобаларға арналған республикалық конференцияда 17 үздік жоба таныстырылады. Оның ішінде ата-анасыз қалған балалар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдап, жұмыспен қамтамасыз ету бастамалары бар.