«Байқауға қатысу үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде эскиз жобалар әзірлеу керек. Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, қазақ тіліндегі жарнаманы сауатты ресімдеуге, жаңашылдығына және көркемдік орындалу шеберлігіне қолдау көрсету», - делінген ақпаратта.
Байқауға қатысушылар 3-5 минуттың ішінде қазылар алқасына өздерінің еңбектерін (слайдтар) таныстырып шығады. Әр жұмыс таңдаған тақырыбының өзектілігіне, мазмұнына және тартымдылығына, креативтілігіне және дизайнерлік ресімдеу шеберлігіне қарай бағаланады. Байқауға қатысу үшін өтінімдер 16 қыркүйекке дейін қабылданады. Оған Астана қаласында жарнама саласында қызмет ететін жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Байқау қорытындысы 18 қыркүйекте салтанатты марапаттау рәсімінде шығарылады, байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі.