Астанада ұжымдық еңбек дауларының құқықтық мәселелері талқылануда

АЛМАТЫ. 20 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Ұжымдық еңбек дауларының құқықтық мәселелері» атты конференция өтуде.

Қазақстан коммунистік халық партиясы ұйымдастырған бұл шараның басты мақсаты «Еңбек кодексіне» түзетулер енгізуге нақты ұсыныстар жасау және «Әлеуметтік серіктестік туралы» заң жобасын қабылдау болып отыр. Оның жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, тәуелсіз кәсіподақтар және сараптамалық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Бұл мәселедегі партияның басты ұстанымдарының бірі - әлеуметтік әділеттілік және еңбекшілердің лайықты еңбек ету құқығын қорғау. Сондықтан олар бұл шараны ұйымдастыруға ұйытқы болып қана қоймай, кәсіподақтардың жұмысына белсене қатысып, әлеуметтік мүдделерін қорғау үшін күрестің жандануына ықпал етпек.