«Құланшы» қазіргі өнер орталығының жетекшісі Лейла Махаттың айтуынша, «Құланшы» мерейтойлық форумының халықаралық өнер иелерін Еуразияның қақ ортасына жинауы тегіннен тегін емес. Себебі осы жылдар ішінде «Құланшы» қазіргі заман орталығының бастамасымен Астана қаласында отандық өнер өкілдерінің туындыларынан бөлек, шетелдік қылқалам шеберлерінің, фотосуретшілерінің, мүсіншілерінің, режиссерлерінің шығармалары қойылған.
«Биылғы жылғы форум бұрынғылардан өзгерек. Себебі, ол жаһанданудың бір көрінісі іспеттес. Біздің қазақстандық фотосуретшілер керемет әрі бірегей фотосуреттерді түсіру үшін Токиоға, Иорданияға, АҚШ-қа, Түркияға барды. Бразилиялық фотосуретшілер Алматыға келіп, көк базарын, Медеу шатқалдарын түсіріп алып жатты. Америкалық суретші болса, Астанаға келіп, бас айналдырар пейзаждарды және басқа да тамаша туындыларының сериясын дүниеге әкелді»,- дейді ол.
Мәдени шара ертең «Риксос» қонақүйінде жалғасын табады.