Бұл туралы Қазақ Ұлттық өнер университетінің баспасөз қызметі хабарлады.
V Халықаралық скрипкашылар конкурсының басты мақсаты - классикалық музыканы дәріптеу, скрипка өнерін насихаттау, қазақстандық жас талантты скрипкашыларды жоғары деңгейге көтеру және Қазақстанның мәдени абыройын арттыру.
Конкурсқа - Қазақстан және шетел скрипкашылары, арнайы оқу орындарының тәрбиеленушілері қатысады. Қатысушылар жас шамасына қарай екі топқа бөлінеді: жеткіншектер тобы (15 жасқа дейінгі) және ересектер тобы (16 - 28 жас аралығы).
Қатысушылар И.С.Бах, Н. Паганини, И. Брамс, П. Чайковский, Д. Шостакович сынды ұлы композиторлардың шығармаларын орындайды.
Конкурс қазанның 12 күні сағат 17.00-де Қазақ Ұлттық өнер университетінің Орган залында басталып, 17 күні сағат 19.00-де конкурс жеңімпаздарының салтанатты гала-концертімен аяқталады.
Конкурстың қазылар алқасы құрамында белгілі және атақты скрипкашылар - Қазақстан Республикасының халық әртісі, профессор Айман Мұсақожаева, Эдуард Грач (Ресей), Сергей Кравченко (Ресей), Александр Винницкий (Финляндия), Петр Шереметев (Франция) бар.