«Аялдама павильондарының зақымдануына көп жағдайда вандалдық әрекеттер себеп болады. Өкінішке қарай, көп адамдар қоғамдық меншікке атүсті қарайды. Вандалдар күнде аялдамалардың айнасын, орындықтарын сындырады, хабарландырулар жабыстырып кетеді. Сотқарлар өзінің де, өзгенің де меншігін сыйламайды. Кей тұрғындар аялдама жанында тұрған қоқыс жәшігіне емес, аялдамаға қоқыс тастап кетеді. Ал қоқыс жәшіктерін аялдаманың ішіне қоюяға тағы болмайды», - деп жауап берді ведомстводағылар редакцияның сауалына.
Бұдан тыс, адамдардың аялдама павильондарына қону жағдайлары да жиі кездеседі. «Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдар кейде аялдамаға қонуға мәжбүр болып жатады. Басқарма ондай адамдарға қатысты ештеңе істей алмайды. Аялдаманы мақсатқа сай емес пайдалану жағдайлары анықталса, құқық қорғау органдарына ол жайлы ақпарат беріліп, шара қолдану туралы хат жіберіледі», - дейді басқармадағылар.
Ведомстводағылардың айтуынша, аялдамалар апта сайын тазаланады, жөнделеді.