Астанада ведомствоаралық оқу-жаттығуға байланысты қозғалыс шектеледі

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада ведомствоаралық арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік күзет қызметі.

Фото: Мемлекеттік күзет қызметі

21 маусым күні сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін Астанадағы №1 индустриалды парк аумағында күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ведомствоаралық кешенді арнайы-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылады.

— Іс-шара барысында Индустриалды парк аумағында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан оқу-жаттығуға түсіністікпен қарау, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау, тек ресми ақпарат көздеріне сүйену және жалған ақпарат таратпау сұралады, — делінген хабарламада.

Бұған дейін 20-21 маусым күндері Астанада қайда баруға болатынын жазғанбыз.