Астанада велошабандоз Витторио Брумотти қар үстінде трюк көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі велоэкстремалшы Витторио Брумотти таяуда «Pro Team Astana» велокомандасының мүшесі атанды. Велошабандоз Астанада команданың таныстырылымы кезінде таяуда жанкүйерлер көп керемет видеоның куәсі болады деп берген уәдесін орындады.

Фэйсбуктағы команда парақшасында Астанада қардың үстінде Витторио Брумоттидің трюктерді шебер орындаған видеосы жарияланды.


«Impossible is nothing. Bike trial superstar Vittorio Brumotti on the snow streets of Astana. «Мүмкін емес нәрсе жоқ. Велотриал супер жұлдызы Витторио Брумотти Астананың қарлы көшелерімен жүріп өтті» , - деп жазды видеоның астына. Велотриал - велосипедпен кедергіні еңсеретін маунтинбайк тәртібі. Кедергілер әртүрлі болады, табиғи, жасанды (жақтау, тас, бөрене, тақта және т.б.).

Еске салсақ, Астана велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров 11 желтоқсанда команда таныстырылымында келесі жылы команда «Джиро д'Италияда» жеңіске қол жеткізуге ынталы екенін хабарлаған.

Атап өтсек, өткен маусымда «Астана» спортшылары ең жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстарда 34 рет жетістігін атап өтті.